“Махмұд Қашқари еңбегінің құндылығы” тақырыбындағы дәріс сабағы
Тірек мектебінің жоспарына сай 7 қазан күні, мектебімізде 2024-2025 оқу жылындағы ресурс орталығының І сессиясы өз жұмысын бастады. Ресурс орталығына Мықтыкөл, Күлшін және Новосёловка негізгі мектеп оқушылары келіп дәріс алуда. Ресурс жұмысы кіріс бақылауымен басталып мұғалімдердің күрделі тақырыптарды игерту дәрістерімен жалғасын табуда. Ресурс жұмысымен бірлесе мектебімізде «Биология, Химия» пәндерінің апталығы қатар жүргізілуде. Магниттік мектеп оқушылары да апталық шараларына белсене қатысуда. “Оқуға құштар мектеп” жобасының аясында мектеп кітапханасында түркі ғалымы Махмұд Қашқаридің туғанына 995 жыл толуына орай “Махмұд Қашқари еңбегінің құндылығы” тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.