«КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП» – МӘДЕНИЕТТІ ҰЖЫМ, БІЛІМДІ ҰРПАҚ!

«КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП» – МӘДЕНИЕТТІ ҰЖЫМ, БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
Мектеп кітапханасының жылдық жоспарына сәйкес, «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын мектеп» бағыты бойынша мектеп қызметкерлері арасында кітап оқу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Іс-шараның басты мақсаты – мектеп ұжымының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау, көркем әдебиет арқылы ой-өрісті кеңейту және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
Кітап оқу – тек оқушыларға ғана емес, ұстаздар мен мектеп қызметкерлеріне де қажет рухани азық. Өйткені кітап оқитын ұстаз – ізденімпаз ұстаз, ал кітап оқитын ұжым – білім мен тәрбиенің жарқын үлгісі.
Біздің ұстанымымыз: кітап оқитын мектеп – кітап оқитын ұлттың негізі!
Кітаппен дос болайық, рухани байлығымызды бірге арттырайық!