“Жаңашыл ұстазға лайық құрмет”
“Жаңашыл ұстазға лайық құрмет”
Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Адильжанова Нургуль Исмагуловна өз ұстаздық жолындағы тынымсыз еңбегі мен жас ұрпаққа берген білім-тәлімі үшін Шортанды аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. Нургуль Исмагуловна — бастауыш сынып оқушыларына білім беруде ерекше ықылас танытып, әр балаға жеке көзқараспен қарайтын жаңашыл ұстаз. Ол сабақтарында оқушылардың қызығушылығын оятып, оларға терең білім беруге және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға зор үлес қосуда. Бұл марапат — ұстаздың өз ісіне адалдықпен қарайтынының және білім саласындағы үздік нәтижелерінің мойындалуы.
Шын жүректен құттықтаймыз!
