“Берекелі алтын күз” қолөнер байқауы
02.11.2024
Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Еңбегі адал-жас өрен” жобасы аясында мектепішілік “Берекелі алтын күз” қолөнер байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, күздің әсемдігі мен молшылығын қолөнер арқылы бейнелеуге арналған. Қолөнер байқауына қатысушы оқушыларымыз күздің ғажайыптарын ата-анасымен біріге отырып, өз қолдарымен жасаған туындылары арқылы көрсетті.
Көрменің мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктерін жан- жақты түсіндіру , балалардың шығармашылық , танымдық дағдыларын дамыту , көркем - эстетикалық тәрбие беру. Көрме мектепалды даярлық тобы мен 2-сыныптар арасынды ұйымдастырылды. Байқау нәтижесі бойынша;
І орын: 1 “Ә” және 2 “Ә” сыныптары
ІІ орын: 1 “А” және 2 “А” сыныптары
ІІІ орын: мектепалды даярлық топтары мен 2 “Б” сыныбы
