АПВ-ға қарсы вакцинация
12 қыркүйек күні Шортанды аудандық ауруханасының балалар бөлімінің меңгерушісі А.Дамыс, гинеколог Л.Ж. Алтынбаева, мектебіміздің медбикесі К.Рахметхан АПВ-ға қарсы вакцинация туралы 6-8 сыныптар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
АПВ дегеніміз не? Адам папилломасы вирусы - бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы.
АПВ вирусы қандай қауіп төндіреді? Вирус жылдам таралуға қабілетті қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісік дамытуымен қауіпті.
