“ Алғыс айту-рухани байлық” тақырыбында ашық тәрбие сағаты

2 наурыз күні 3 “Б”сыныбында “ Алғыс айту-рухани байлық” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.Іс-шараның мақсат- алғыс айту арқылы адамгершілік,сыйластық пен рухани құндылықтарды насихаттау. Оқушылар тақырыпқа сай тақпақ айтып, мақалдың мағынасын түсіндірді. Жеке, жұппен және топпен жұмыс жасап, өз ойларын еркін жеткізе білді. Әртүрлі жағдаяттарды талдау арқылы өмірмен байланыстырып, қорытынды жасады. Сабақ соңында оқушылар жүректен шыққан алғыстарын стикерге жазып, арнайы тақтаға жапсырды. Бұл жұмыс олардың ризашылық сезімін арттырып, бір-біріне деген құрметін нығайтты.