Ұстаз еңбегіне лайықты марапат
Ұстаз еңбегіне лайықты марапат
Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Бәделхан Алмагүл өзінің ұстаздық жолындағы қажырлы еңбегі мен білім беру саласындағы үлесі үшін Шортанды аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. Бәделхан Алмагүл— өз пәнін терең меңгерген, оқушыларына тарихты сүйіспеншілікпен оқытатын білікті ұстаз. Ол білім беруде инновациялық әдістерді пайдаланып, оқушылардың тарихи санасын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Шәкірттері түрлі ғылыми жобалар мен олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатып келеді. Бұл марапат — ұстаздың кәсіби шеберлігі мен оның білім беру саласындағы еңбегін жоғары деңгейде мойындаудың айғағы. Бәделхан Алмагүлді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
