Жас маман — жарқын жетістіктер

Жас маман — жарқын жетістіктер
Мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің жас мұғалімі Аманжол Ақбота өзінің ұстаздық жолындағы қажырлы еңбегі мен оқушыларын жеңіс биігіне жетелеген жетістіктері үшін Шортанды аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. Ақботаның шәкірттері облыстық және республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз атанып, мектебіміздің абыройын арттырып келеді. Ақбота — өз ісіне деген терең сүйіспеншілігімен, жаңашылдыққа құштарлығымен ерекшеленетін жас ұстаз. Ол ағылшын тілін оқытудың қызықты әрі заманауи әдістерін қолданып, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырумен қатар, олардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға үлкен мән береді. Аманжол Ақботаны шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да үлкен белестерді бағындыра беруіне тілекшіміз!